Кездесу барысында білім беру жүйесіне қатысты, соның ішінде ПМПК қызметіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға ПМПК-дан өту тәртібі, комиссияның баланың білім беру бағытын анықтаудағы рөлі, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мүмкіндіктері түсіндірілді.

Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:

✔ мүгедектігі бар адамдар үшін білімнің қолжетімділігі

✔ инклюзивті және арнайы білім беру

✔ мемлекеттік қолдау шаралары

✔ білім беру саласындағы ата-аналар мен балалардың құқықтары

Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандардан жеке консультациялар алды.