📌 Заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша жұмыс кеңесі
2026 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-де мекеме қызметкерлерінің жұмыс кеңесі өтті.Кеңес барысында тифлопедагог Анастасия Сергеевна Максимова ұжымды Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланы қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.Кеңеске қатысушылар жаңартылған заңнама нормаларын кәсіби қызметте іс жүзінде қолдануды және мамандардың құзыреті шеңберінде олардың мүлтіксіз сақталу қажеттілігін талқылады.Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру балалар мен отбасыларға психологиялық-педагогикалық көмекті сапалы көрсетуге ықпал етеді, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.