Конференция аясында педагогтер мен білім беру жүйесінің мамандарын біріктірген 4 тақырыптық алаң жұмыс істеді. Алаңдарда инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді іздеу жұмыстары жүргізілді.
Үшінші тақырыптық алаң
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеудің бірыңғай жүйесі: ПМПК – КППК – арнайы мектеп» тақырыбына арналды.
Алаң модераторы — Шаяхметова Айдана Нұрланқызы.
Алаң жұмысы барысында арнайы білім беру ұйымдарының әріптестері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің озық тәжірибелері мен тиімді тәсілдерін таныстырды.
Іс-шараның практикалық бөлімі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар үш жұмыс тобына бөлініп, әр топқа жеке практикалық кейс ұсынылды. Педагогтер ұсынылған жағдайларды бірлесіп талдап, оларды шешудің ықтимал жолдарын анықтады, баланы сүйемелдеу алгоритмдерін және жүйенің әрбір буынының — ПМПК, КППК және арнайы мектептің рөлін талқылады.
Соңында әр топ өз жұмысының нәтижесін ұсынып, басқа қатысушылармен өз қорытындылары мен практикалық шешімдерімен бөлісті.
Алаң жұмысының қорытындысында өздерінің практикалық әзірлемелері мен озық тәжірибелерін ұсынған спикерлерге тақырыптық алаң жұмысына белсенді қатысқаны және үлес қосқаны үшін сертификаттар табысталды.
Облыстық тамыз конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге, кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және үздік педагогикалық тәжірибелерді ұсыну үшін маңызды алаң қалыптастыруға мүмкіндік жасағаны үшін Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасына шынайы алғысымызды білдіреміз. 🤝
Осындай кәсіби кездесулер инклюзивті және арнайы білім беру жүйесін одан әрі дамытуға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға бірыңғай әрі тиімді сүйемелдеу бағытын қалыптастыруға өз септігін тигізері сөзсіз!
11 августа в городе Рудном состоялась областная августовская конференция «Инклюзивное и специальное образование: современные решения, эффективные практики и единые подходы», которая прошла на базе КГУ «Общеобразовательная школа №8».








